Публикации и статьи

Әкем алимент төлемейді

Сұрақ:

«Баламның әкесі алимент төлемегелі 6 ай болды (бұрын төлеп жүрген). Байланысқа мүлде шықпайды. Сот орындаушысының қоңырауларына жауап бермейді, үйіне барса, үйдің есігін ашпайды. Қандай шара қабылдауға болады?»

Автордан: «Бұл жиі кездесетін сұрақтардың бірі. Балалардың әкелері ажырасқаннан кейін баланың анасымен қасарысып, өз баласына алимент төлеуден жалтарып жатады. Мүмкін біреуіңіздің алдыңызда осы мәселе туындаған болар. Сондықтан ақпарат ретінде блогыма жазуды жөн көрдім».

Жауап:

«Бірінші кезекте, сіз алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық ісіңізді жүргізіп жатқан сот орындаушысына хабарласуыңыз қажет. Себебі, борышкердің қайда екені белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге міндетті («Атқарушылық сот ісін жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі жайлы» ҚР Заңының 45-бабына орай). Борышкерге іздеу салу жарияланған, оның атында өндіріп алуға  болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

      Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

Борышкерге iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша iшкi iстер органдары жүзеге асырады.

     Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстардан сіз толық босатыласыз. Ол атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынады.

         Екінші кезекте, ҚР Қылмыстық кодекстің «Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі сот шешімі бойынша қаражат төлеу міндеттерін 3 айдан астам орындамау» атты 139-бабы бойынша сот шешімін және үш айдан артық алимент төлемей жүргендігін растайтын құжатты қосымшалап, шағыммен ішкі істер органдарына жүгіне аласыз. Жазасы – 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру (екеуінің бірі).

Алайда, баланың әкесін бұл арқылы қылмыстық жауаптылыққа тартпаймын десеңіз, кез келген уақытта шағымыңызды қайтарып алу арқылы татуласуыңызға байланысты істі тоқтатуға болады, яғни баланың әкесі жауаптылықтан босатылады (Қылмыстық кодекстің 68-бабы, 1-бөлігі, Қылмыстық-процестік кодекстің, 35-бабы, 1-бөлігі, 5-тармағы).

Профессиональный подход -
взвешенное решение!

uatbekova.png

Заказать обратный звонок

+7 701 448 2039

m.uatbekova@gmail.com

© 2024 Адвокат Уатбекова Мадина Қыдырбекқызы. г. Нур-Султан, пр. Республики, 2/3, офис 1. Все права защищены. | Веб-студия «Arctika»