Публикации и статьи

Әуе транспорты рейсті орындамағанда не кідірткенде жолаушының қандай кепілдіктері бар? (Какие гарантии имеет пассажир, если задержали его рейс? )

Жаз – демалу маусымы. Демалысыңызды бірнеше ай бұрын жақсылап жоспарладыңыз. Ойыңыздағыдай өтсе жақсы. Алайда, демалысыңыздың басында (не соңында) әуежайда рейс кешіктірілді не орындалмай қалды. Нәтижесінде 5 сағат әуежайда рейсті күтіп отырсыз. Шаршадыңыз. Мүмкін қасыңызда кішкентай бала бар шығар. Мүмкін, басқа әуежайдан ұшатын рейске билетіңіз болып, оған үлгермей қалдыңыз. Сіз, жолаушы, не талап ете аласыз? Тасымалдаушы (әуекомпания) тарапынан сізге қандай да бір кепілдік қарастыралған ба?

Әрине, қарастырылған. Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған (отмена рейса) немесе кідіртілген (задержка рейса) жағдайда тасымалдаушы компания жолаушылардың күту уақытына байланысты келесідей жеңілдіктер беруі тиіс:

  1. Күту уақытының ұзақтығына қарамастан, жетi жасқа дейiнгi балалы жолаушыға «ана мен бала бөлмесiн» ұсыну (әуежайда болса);
  1. РЕЙСТIҢ ЖӨНЕЛТIЛУIН 2 САҒАТТАН АСА КҮТКЕН КЕЗДЕ:
  • 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын шалу (оның iшiнде халықаралық байланыс желiсi бойынша қоңырау шалу);

немесе

  • электрондық пошта арқылы 2 хабарлама жiберу;
  • салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету.
  1. РЕЙСТIҢ ЖӨНЕЛТIЛУIН 4 САҒАТТАН АСА КҮТКЕН КЕЗДЕ:
  • күндiзгi уақытта - әрбiр 6 сағат сайын;
  • түнгi уақытта - әрбiр 8 сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
  1. РЕЙСТIҢ ҰШУЫН КҮНДIЗГI УАҚЫТТА 8 САҒАТТАН АСА ЖӘНЕ ТҮНГI УАҚЫТТА 6 САҒАТТАН АСА КҮТКЕН КЕЗДЕ авиакомпания ұсынған қонақ үйге орналастыру (әуежай және қонақ үй арасында тасымалдау қызметі қоса кіреді).
  1. ТАСЫМАЛДАУШЫНЫҢ КIНӘСІНЕН РЕЙС КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН НЕМЕСЕ 10 САҒАТТАН АСТАМ МЕРЗIМГЕ КIДIРТIЛГЕН жағдайда, жолаушының қалауы бойынша тасымалдаушы (әуекомпания):

     жоғарыда аталған қызметтердің барлығын көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген межелі пунктке (пункт назначения) дейін жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді

немесе  жолаушыға билеттiң толық құнын қайтарады.

Бұл кеңестерді есіңізде сақтай жүріңіз!

Профессиональный подход -
взвешенное решение!

uatbekova.png

Заказать обратный звонок

+7 701 448 2039

m.uatbekova@gmail.com

© 2024 Адвокат Уатбекова Мадина Қыдырбекқызы. г. Астана, пр. Республики, 2/3, офис 1. Все права защищены. | Веб-студия «Arctika»