- Риэлторлық компаняны тексеру.
Интернет жілісінен көмегіне жүгінгелі отырған риэлторлық компания жайлы ақпарат жинаңыз, пікірлерді оқыңыз. Ол компания жайлы көп теріс ақпарат, теріс пікірлер болса, бұл сізді ойландыру керек.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кіріс департаментінің сайтында компанияларды тексеруге болатын бірнеше онлайн қызметтер түрі бар: жыл сайынғы төлеген салықтары жайлы, сенімсіз салық төлеушілерді іздестіру, сенімсіз салық төлеушілер тізімі деген сияқты «онлайн қызметтер» арқылы тексере аласыз.
- Кейбір адамдардың өздері күмәнді схемаларға әуес болып келеді. Мысалға, бір бөлмелі жаңа пәтердің құны 12 000 000 теңге болса, ал риэлторлар сізге дайын жаңа пәтерді 6 000 000 теңге деп ұсынып тұрса, ойланыңыз! Нарықтық құннан 2 есе арзан болуы мүмкін бе? Сізге (пәтер сатып алушыға) тиімді, ал пәтер сатушыға бұл келісім тиімді ме?!
- Көбі елей бермейтін үшінші кеңес бар. Ол – заңгер көмегіне жүгіну. Көбі заңгерлерге проблема туындағанда бірақ барады. Алайда, алдын ала заңгер көмегіне жүгініп, одан кеңес алсаңыз, осы проблемалардың алдын алуға болады.