Публикации и статьи

Мейрамханалар қызметі үшін 10% алым. Заңды ма?

Жақында «Кафе, мейрамханаларда тамақтанғанда қызмет көрсеткені үшін 10% алу заңды ма?» деген тақырыпта Қазақстан ұлттық телеарнасына интервью бердім.  

Бірқатар заңгерлер «бұл заңсыз» деген пікірде болса, мен «бұл әрекет заңды» дейтін заңгерлердің қатарына жатамын. Неге? Көзқарасымды негіздеп көрейін.

 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 25-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, қызмет көрсетуші тұтынушыға ұсынылатын қызметтің түрлері, ерекшеліктері туралы БАРЛЫҚ АҚПАРАТТЫ беруге МІНДЕТТІ.

Кафе, мейрамханаларда тағамның бағасымен қоса қызмет көрсеткені үшін 10% алатындығы жайлы әдетте мәзірде (меню) алдын ала ескертіледі, яғни мейрамхана көрсететін қызмет түрі, оның ерекшеліктері туралы АҚПАРАТТЫ тапсырыс берместен бұрын сізге АЛДЫН АЛА айтады. Заң тілімен айтқанда, мейрамхана мен сіздің араңызда жария шарт (публичный договор)  жасалды. Жария шартта сол қызметті алатын барлық тұтынушыларға қызмет кесімді бағамен (фиксированная цена) көрсетіледі. Демек, бұл шарт талаптарын қабыл алғандығыңыздың, ол қызметпен келіскендігіңіздің белгісі. Аталған 10%-бен келіспеген жағдайда, сізде таңдау құқығы бар: сіз қызмет көрсеткендігі үшін 10% алМАЙТЫН басқа орыннан барып тамақтана аласыз (немесе үйде тамақтана аласыз).

 

Алайда, қызмет көрсеткені үшін 10% алатындығын алдын ала ескертпесе және  қызмет көрсетіліп болғаннан кейін сізге шотта тағамның үстіне 10% қосып алып келсе, сіздің даулауға құқығыңыз бар. Себебі, қызметті көрсетуші көрсетілетін қызмет, оның ішіне не кіретіндігі жайлы алдын ала ескертуі тиіс еді.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 8-1-бабы 2-тармағының 3)-тармақшасына орай, өтеулі көрсетілетін қызметтер бойынша сатушы қосымша таңған міндеттерді (навязанная дополнительная обязанность) белгілеуге тыйым салынған. Осы нормаға сәйкес, бұл қосымша таңған қызмет, сол себепті 10% заңсыз деп есептесеңіз, жоғарыда аталған заңның 25-бабына сәйкес, қызметті көрсетуші сізге бұл қызметті міндеттеген жоқ, алдын ала ескертті, жасырмады. Сіз қарсы болсаңыз – қабыл етпеуге құқығыңыз бар.

Қорытындылай келе, кафе, мейрамханада тамақтанғанда үстіне қызмет көрсету үшін 10% қосуына заңда тікелей тыйым жоқ. Сол себепті, бұл әрекетті заңды деп есептеуге негіз бар.

Профессиональный подход -
взвешенное решение!

uatbekova.png

Заказать обратный звонок

+7 701 448 2039

m.uatbekova@gmail.com

© 2024 Адвокат Уатбекова Мадина Қыдырбекқызы. г. Астана, пр. Республики, 2/3, офис 1. Все права защищены. | Веб-студия «Arctika»